«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы «Еуразия» кинофестивалінің ерекше оқиғасы болмақ. Бұл туралы фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова айтты.

Алдар көсе фильмі
Фото: Қазақфильм

Спикердің сөзінше, фестивальдің ең басты шаралараның бірі — Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады.

Диана Әшімова, картинаны көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.

«Еуразия» кинофестивалінің негізгі мақсаты — мәдени байланысты дамыту, қазақ киносының жаңа есімдерін ашу және ұлттық мұраны дәріптеу.

Еске салайық, халықаралық «Еуразия» кинофестивалі 2024 жылдың 24-30 қараша аралығында Алматыда өтеді. Фестивальге 15-тен астам ел қатысады. 

Кинофестивальдің толық бағдарламасымен сілтеме арқылы таныса аласыз.

Соңғы жаңалықтар