«Еуразия» сақтандыру компаниясы жарғылық капиталын 2,6 миллиард теңгеге ұлғайтпақ

«Екінші мамырда «Еуразия» сақтандыру компаниясының акционерлер жиналысы болды. Онда компанияның жарғылық капиталын ұлғайту үшін 2,6 миллиард теңге бөлу жөнінде шешім қабылданды. 3 мамырдағы деректерге сүйенсек, компанияның төленген жарғылық капиталы 40 миллиард теңгені құрады. Бұл Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жалпы жарғылық капиталының 43,5 пайызынан асады», - дейді Н. Тульчинская. Оның айтуынша, бұл сақтандыру компаниясының жарғылық капиталының артуына Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Үндістан, Қытай елдеріндегі атқарған жұмыстары ықпал етті. Олар енді жарияланған акцияларын 75 миллион данаға жеткізбек. Бұл орналастырылғаннан кейін төленген жарғылық капиталдың мөлшері 75 миллиард теңгеге жетеді. Ал алғашқы тоқсанда «Еуразиядан» өзге сақтандыру компанияларының жалпы жарғылық капиталы 54,3 миллиард теңге болды.