«Еуразия» СК Әзербайжанның шетелдік сақтандырушылар мақұлдаған мемлекеттік тізіміне енгізілді

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Әзірбайжан Республикасының Қаржы министрлігі ағымдағы жылғы наурыздың 7-сінде «Еуразия» СК» АҚ-ға компанияның жергілікті заңнама талаптарына сәйкес шетелдік сақтандырушылар мақұлдаған мемлекеттік тізімге енгізілгені туралы хабарлады.
None
None
Ол ағымдағы жылдың басынан бастап күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта осы тізімде «Еуразия» СК» АҚ-ны қоса алғанда небәрі шетелдік алты сақтандырушы ғана бар. Осылайша, қазақстандық сақтандырушы Әзірбайжанның сақтандырушыларына/қайта сақтандырушыларына сенімді сақтандыру қорғанысын білдіре отырып, олардың тәуекелдерін қабылдауды жалғастырып отыр. «Әзірбайжан ТМД-ның басқа елдерімен қатар «Еуразия» сақтандыру компаниялары үшін басым рыноктардың бірі болуы мүмкін. Біздер бұрын сақтандыру жобалары бойынша әзірбайжандық сақтандырушылармен және әзірбайжандық әріптестерімізбен жемісті жұмысты жалғастыру үшін барлық қажетті рәсімдер мен аккредиттеуден қысқа мерзімде өтіп, заңнамалық талаптарды енгізе отырып, белсенді түрде ынтымақтастық жүргіздік», ? деп түсіндірді орын алған жағдайды «Еуразия» СК-нің андеррайтері Нұржан Жантөреев.Еуразия» СК» АҚ 1995 жылы құрылды. 2009 жылы компанияның активтері 41,086 млрд. теңгеге жетіп, 2008 жылдың басындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 29,5 пайызға өсті. Капитал ? 25,568 млрд. теңге, ол бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 18,9 пайызға артық. 2008 жылы «Еуразия» СК қабылдаған сақтандыру сыйақыларының жиынтық көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 7,8 пайызға артық. Есепті кезең ішінде компания сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша 2,594 млрд. теңге төледі.
Соңғы жаңалықтар