Еуразия территориясында Бүкілконтиненталдық омарташылар қауымдастығы құрылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өтіп жатқан V Халықаралық бал фестивалі облыстық омарташыларға көптеген жаңалықтар ала келді. Соның бірі еуразиялық елдер ішіндегі бал өндіру саласында орны бар өкілдердің басын біріктіруге негізделген Бүкілконтиненталдық омарташылар қауымдастығы құралатындығы туралы жаңалық болды.
None
None

«Біз қазірдің өзінде КО аясында Армения, Өзбекстан Республикаларымен келісімге қол жеткіздік, Қазақстан және Қырғызстан елдерімен келісу үстіндеміз. Біз «Евразия пчелопром» қауымдастығын құрамыз, ол осы саладағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Соның арқасында бір құқықтық саясат ұстанып, ортақ технология қолданатын боламыз.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, шетелдік қонақтар ШҚО-да өткен фестивалдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын және облыс омарташыларының өнімдерінің сапалы екендігін айтқан.

«Мен барлық шатырларды аралап шықтым, балдардың сапасы өте жоғары. Тау балының қайталанбас дәмі бар», - дейді Ресейдің омарташылар қауымдастығының президенті Альфир Манапов.

Өткізіліп жатқан шараның өзектілігіне және қаланың әсемдігіне айрықша тоқталған Грузия омарташылар қауымдастығының президенті Грузии Теймураз: «Мұнда дәл батыс Грузиядағыдай. Айнала жап-жасыл, бәрі гүл жайнап тұр және адамдары өте мейірімді. Мұнда әр елден өз ісінің шеберлері келді. Олар өздерімен бірге жаңалық ала келгені сөзсіз. Бұл тәжірибе алмасуға таптырмайтын тәсіл.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Грузия арасында омарташылық саласында алмасатын жаңалық көп, бірақ жердің қашықтығы басты кедергі болып тұрған көрінеді.

Айта кетейік, халықаралық фестиваль аясында омарташылар тарапынан сату жәрмеңкесі ұйымдастырылған болатын. Оған әр аудан өкілдерінен 70 мыңнан астам келі бал әкелінген.

Түстен кейін, жәрмеңкеден соң, пленарлық отырыста өңірдің үздік омарташыларын марапаттау рәсімі болды.

Соңғы жаңалықтар