ЕАЭО елдерінің ішінде Қазақстанның ғана кірісі өспеген — аудит
АСТАНА. KAZINFORM — Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов Мәжілісте 2024 жылдың бюджет қалай атқарылғанын баяндап жатыр.

Палата өкілінің айтуынша, 2024 жылы ЕАЭО аясында қазынаға түскен салық мардымсыз болған.
— Еуразиялық экономикалық одақ елдері кірістерінің орындалуына қатысты жүргізілген талдауда 2023 жылмен салыстырғанда Қазақстаннан басқа елдердің бәрінде ЖІӨ-нің өсуімен қатар кірістер де өскені көрініп тұр. 2024 жылы өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,4 пайыз өссе де, 2023 жылмен салыстырғанда түскен салық көлемі төмендеген. Сонымен қатар республикалық бюджетке қосымша түсім ретінде 898 млрд теңгенің 70 пайызы салықтық және кедендік әкімшілендірудің нәтижелерін жаппайтыны анықталып отыр, — деді Нұрлан Нұржанов.
Еске салсақ, өткен аптада ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы келісім күшіне енген болатын.