Еуразиялық банк бұрынғы қызметкерін сотқа бермек
Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылдың 16 қаңтарында Бурнакина банктің рұқсатынсыз, шетелдік интернет-басылымдардың біріне көлемді сұхбат берген. Онда ол Банк қабылдай алмайтын бірқатар пайымдама жасалған. «Бұл пікірлер оның жеке көзқарасын ғана білдіреді және Банк басшылығы мен қызметкерлері ол пікірлерге қосыла алмайды. Осыған байланысты, банк Басқармасы Бурнакина ханыммен еңбек қатынасын шұғыл түрде тоқтату туарлы шешім қабылдады. Өз кезегінде Банктің заңнамалық қызметі қазіргі таңда бұрынғы қызметкердің үстінен сотқа талап арыз түсіру мүмкіндігін қарастыруда», делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ Банк, Бурнакина ханымның банкте ішкі алаяқтық әрекеттердің орын алғандығы туралы айтқандарын дәлелсіз деп санайды. Қауіпсіздік қызметі ішкі тексеру жүргізу нәтижесінде Бурнакина ханымның өз сұхбатына негіз ретінде банкте бұған дейін орын алған алаяқтық деректерді қолданғанын анықтады. Ал ол деректерді кезінде Банктің қауіпсіздік қызметі анықтап, тергеу жұмыстарына құқыққорғау органдарын тартқан. Бұл туралы кезінде Ұлттық банк пен бұқаралық ақпарат құралдары құлағдар етілген. Банк басшылығы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен оперативтік деректерінің дұрыстығына бек сенімді. Соған қарамастан, Банк Басқармасының бастамасымен қауіпсіздік Қызметі мен ішкі аудит Қызметі қазір қосымша тексерулер жүргізіп жатыр.