16:15, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Еуразиялық даму банкі «САРЭКС» ААҚ-на 1,5 миллиард доллар несие берді
АЛМАТЫ. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Шілденің 13-і күні Еуразиялық даму банкі мен Ресейлік «САРЭКС» ААҚ арасында 3 жылдық мерзіммен 1,5 миллиард рубльдік несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Келісімге сәйкес Ресейлік трактор зауыты бұл қаржыны Белоруссияның Минск трактор зауытынан жүк басушылар, коммуналдық тазалау машиналары мен экскаваторларды құрауға қажетті қосалқы бөлшектер сатып алуға жұмсамақ. Несиенің бір бөлігі компанияның банктер алдындағы қарызын жабуға жұмсалады.
ҚазАқпарат анықтамасы: «САРЭКС» ААҚ Ресейдің МТЗ-80/82, ЮМЗ-6АК тракторларын және олардың қосалқы бөлшектерін шығарушы ірі зауыттарының бірі. 1943 жылы құрылған.