Еуразиялық даму банкі Сібірдегі көмір кеніштерін қаржыландырады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) Сібірдегі көмір кеніштерін қайта жарақтандыруды несиелендіреді.
None
None

Осыған орай жаңа жыл қарсаңында банк пен «Сібірлік көмір энергетикалық компаниясы» АҚ арасында арнайы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕАДБ сілтеме жасап.

Келісімге сәйкес банк сібірлік компанияға 5 жылдық мерізімге 55 миллион АҚШ долларын несиеге береді. Ресейлік көмір компаниясының өкілдері бұл қаржыға Хакасия мен Бурятия және Кемерово облысындағы көмір кеніштері үшін 220 тонна жүк көтеруге қабілетті 25 БелАЗ көліктерін сатып алатындарын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар