Еуразиялық экономикалық комиссия Өскеменде «Бірыңғай бәсекеге қабілетті саясат - БЭК-тің тиімді қызметінің қажетті шарты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді

Қазақстандық тараптан пікірсайысқа ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, алқа мүшесі, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергенов, ҚР бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу агенттіктерінің төрағалары Ғабидолла Әбдірахимов пен Мұрат Оспанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары қатысады.
Ресей және беларус тарапынан осы екі елдің монополияға қарсы ведомстволарының басшылары қатысады.
Форум жұмысына сондай-ақ Кеден одағына кіретін үш елдің бизнес-элита өкілдері де қатысатын болады.
Дөңгелек үстелді Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырып отыр және ол Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің тиімді қызмет етуіндегі бірыңғай бәсекеге қабілетті саясаттың маңызын түсіндіруге арналған осындай шаралар легіне жатады.