Еуразиялық экономикалық одақ аясында 6 мың бірлескен кәсіпорын ашылған - ҚР Президенті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері 6 мыңнан аса бірлескен кәсіпорын ашылған. Бұл туралы бүгін «Россия 24» телеарнасына сұхбат бере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Кеңес одағында өндірістік қуаттарды бөлудің өз ерекшеліктері болды. Мысалы, Қазақстанға шикізат жеткізушінің рөлі берілді. Беларусь жекелеген өндірістерді дамытты. Ресейде осы екеуі де болды. Қазір Ресей мен Қазақстанды салыстыратын болсақ, Ресейдің экономикасы Қазақстандікінен әлдеқайда артық әрі ол көп салалы. Қазақстан көмір экспорттап, металл шығаратын зауыттар үшін мыс жеткізеді. Бірақ, ең маңыздысы осыларды Қазақстанда өңдеу», - деген Елбасы Еуразиялық экономикалық одақ аясында шикізатты қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорындар ашылғанын мәлім етті.

«Еуразиялық одақ құрылған жылдар ішінде 6 мыңнан аса бірлескен кәсіпорын құрылған. Жүзеге асыруға ұсынылған ұсыныстардың көлемі 25 млрд. долларға жетті. Бұл жерде, мұнай, газ және шикізат саласын алып тастасақ, машина құрастыру, қайта өңдеу, шағын және орта бизнес салаларын дамытуға 6-7 млрд. доллар қалады», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар