Еуразиялық экономикалық одақ құру заманауи сын-қатерлерге баламалы жауап қалыптастырады - ресейлік сарапшы Екатерина Шипова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Геосаяси және макроэкономикалық тұрғыдан Еуразиялық экономикалық одақ құру бүгінгі күннің негізгі трендіне айналады. Бұл пікірді Астанада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғаны туралы айта келе, Әлемдегі постдағдарыс институтының атқарушы директоры Екатерина Шипова айтты.
None
None

«Біріншіден, елдер интеграцияны тереңдетуге бар күш-жігерін топтастырып, аталған бағытта алға жылжуда. Екіншіден, Одақтың экономикалық жағынан әлеуеті едәуір артады», - деп атап өтті ол.

Сарапшы ЕАЭО үш ел экономикасын күшейтудің сапалы жаңа жағдайларын ашады, бұл ғаламдық деңгейде орнықты өсімді, сенімді ұстанымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп атап өтті.

«Бірлесіп қыруар шаруа тындыра аламыз. Мысалы, біздің логистикалық әлеуетіміз кеңінен пайдаланылмаған. Ірі даму орталықтары - Қытай мен Еуропа арасында тұрып, логистикалық тиімділікті пайдаланғанымыз жөн. Капитал, тауар, қызметтер мен жұмыс күшін кедергісіз жылжыту мүмкіндігі бірыңғай логистикалық тізбекті құру үшін бірегей мүмкіндік тудырады. Бұл жүк тасымалдауда минералдық ресурстарды сатудан түсетін кірістермен салыстыруға болатын ақшалай қаражат табуға мүмкіндік береді. Бұл бюджетке түсетін түсімдердің ауқымды мүмкіндігі», - деді сарапшы. «Шартқа (ЕАЭО) қол қою - бұл айтулы оқиға және бұл іс-шара әлемдегі және өңірдегі геосаяси сын-қатерлерге, жағдайларға қарамастан, жоспарланған уақытында өткендігімен қуантады», - деп атап өтті сарапшы.

Е.Шипова бұл бірлестік әлемдегі көптеген елді өзіне тарта білетін орталық болатындығын сеніммен айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар