Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі электрондық құжат айналымына бейімделеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі электрондық құжат айналымына бейімделеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Кедендік рәсімдер департаментінің директоры Дина Мамашева осылай мәлімдеді.
None
None

Оның айтуынша, бүгінгі күні Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясы алаңында сарапшылар мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Одақтың Кедендік кодексінің жобасы әзірленген.

«Құжатты әзірлеуге үш елдің, соның ішінде Қазақстанның бизнес өкілдері ерекше белсенділік танытты. Жалпы бұл кодекс жобасы қолданыстағы кедендік заңнаманы жүйелендіру үшін қажет. Бүгінгі таңда кедендік мәселелер бойынша мемелкеттер арасындағы 22 келісімнің 16-сы Кеден кодексімен кодталған», - дейді Д. Мамашева. Оның айтуына қарағанда, жаңа кодекс күшіне енгеннен соң аталған келісімшарттың барлығы жойылады. Осылайша, ЕАЭО аясында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін көптеген халықаралық келісімшарттар күшін жойып, жаңа нормалар бірізділікке түсіп, жүйеленеді. Ал әзірленіп жатқан ЕАЭО Кедендік кодексі 9 тараудан, 4 қосымшадан, 60 бөлім мен 455 баптан тұрады. Ал бұл кодекс жобасы күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қатынастар Кеден Одағының Кедендік кодексімен рәсімделеді. «Жаңа кодекс жобасына келсек, бұл құжат негізінен ең біріншіден одақ аясындағы элекрондық құжат айналымына бейімделіп, осы бағыттағы басымдық белгіленеді. Бұл ретте куәліктерді растауды қажет етпейтін құжаттарды ұсынбастан электрондық декларациялау мүмкіндіктері қарастырылады. Бұдан бөлек, Кодекс жобасымен кеден органдарының жауапты тұлғаларының қатысуынсыз-ақ келіп түсетін декларацияларды автоматты түрде тіркеу мен шығару шаралары қамтылмақ», - дейді Д. Мамашева.

Соңғы жаңалықтар