Еуразиялық идеяны Еуропалық одақтың әріптестігінсіз елестету қиын - Б. Майлыбаев

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевтың ойынша, бүгінгі күні еуразиялық идеяны Еуропалық одақпен әріптестігінсіз елестету қиын.
None
None

Бүгін Астанада «Қазақстан және еуразиялық интеграциясы идеясы» атты Қазақстан саясаттанушыларының конгресі кезінде баяндама жасаған Б. Майлыбаев, еуразиялық ықпалдастықтың негізгі аспектілеріне тоқталып өтті.

Оның айтуынша, қазіргі заманғы еуразиялық ықпалдастық идеясы өзінің геосаяси көкжиегін кеңейтуде.

«Ол тек Кедендік одақ аясында шектеліп қалып қоймауы тиіс. Бүгінде еуразиялық қарым-қатынас бұл - АӨСШК, Орталық Азия және ШЫҰ. Алайда бүгінгі күні еуразиялық идеяны Еуропалық одақтың әріптестігінсіз елестету қиын. Сондықтан еуразияшылдық бағытындағы зерттеулер тек Кедендік одақ елдерінің шеңберінде шектеліп қалмай, бұдан да кең халықаралық байланыстарды қамтуы тиіс», - деді Б. Майлыбаев.

Бүгін конгресс жұмысы секциялық отырыстарға ұласады. Шара жұмысына ҚР Президентінің Әкімшілігі, Парламент Сенатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары мен саясаттанушылар қатысуда. Сонымен қатар Түркия, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Болгария, Оңтүстік Корея мемлекеттерінен іргелі сарапшылар шақырылған.

Соңғы жаңалықтар