12:20, 30 Тамыз 2009 | GMT +5
Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды - Елбасы Н. Назарбаев
АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Еуразияның жүрегіне орналасқан елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды. Бұл туралы бүгін Астанада Конституция күніне арналған әскери шеру барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Конституцияда біздің мемлекетіміздің жаңа елордасы ретінде Астананың мәртебесі бекітілген. Астана - Қазақстанның жаңа дәстүрінің бастамасына негіз болды. Бұл құрылыс салу мен жеңістерге жету дәстүрі. Сондықтан елорданың өркендеуі - бұл біздің халқымыздың саяси салтанаты. Атап айтқанда, біз осылай барша Қазақстанды гүлдендіреміз»,- деді Мемлекет басшысы әскери шеру кезінде сөйлеген сөзінде.