Еуразияшылдық идеясы елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс - Б. Майлыбаев

None
None
ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Еуразиялық ықпалдастық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс.

Бүгін Астанада «Қазақстан және еуразиялық интеграциясы идеясы» атты Қазақстан саясаттанушыларының конгресі кезінде ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев осылай атап көрсетті.

«Қазiргi дәуiрде егемендi мемлекеттер Еуразия идеясының кез келген постимпериялық варианттарын қабылдамайтын болады. Қазіргі замандағы еуразияшылдық елдердің тәуелсіздігіне қайшы келмеуі тиіс, керісінше, әрбір елдің ұлттық мемлекеттіліктерін нығайтуға қызмет етуі қажет», - деді Б. Майлыбаев.

Оның атап өткеніндей, қазіргі замандағы еуразиялық ықпалдастық тараптардың тек қана тең құқықты, ерiктi және қуатты әрі iргелi экономикалық негiзі болған жағдайда ғана жүзеге аса алады.

«Сонымен қатар Еуразия үдерісі қарапайым адамдарға пайда келтiруi керек. Егер бұның барлығы болатын болса, онда бұл идея ресми кездесулер және декларациялар деңгейінде ғана емес, кең қоғамдық қолдауға ие болып, алға басады», - деп атап өтті ол.

Еске сала кетейік, осыдан бірер апта бұрын Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің басшылары Мәскеудегі кездесуінде Еуразиялық интеграция декларациясы мен Еуразиялық экономикалық комиссиясының келісімшартына қол қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар
telegram