02:28, 11 Шілде 2016 | GMT +5
ЕУРО-2016: Астанада футбол жанкүйерлері финалдық ойынды үлкен LED-экраннан тамашалады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЕУРО-2016 ақтық жарысының жаппай көрсетілімі өтуде. Спорт жанкүйерлері Португалия мен Франция арасында өтетін ЕУРО-2016 соңғы матчын «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында және «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығы
мен «Солтүстік шүғыласы» тұрғын үй кешенінің арасында Нұржол желегінде орналасқан Led-экраннан көруде. Бұл жаңа Led-экран, онда матч алғаш рет трансляциялануда. Экранның биіктігі - 11 метр, ұзындығы - 17 метр.