Еуро-2016: Роналду 11 метрлік айып добынан мүлт кетіп, «Португалия-Австрия» матчы тең аяқталды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-2016 додасы топтық кезеңінің екінші турындағы матчта Ғ тобында Португалия мен Австрия құрамалары тең ойнады.

Еуро-2016: Роналду 11 метрлік айып добынан мүлт кетіп, «Португалия-Австрия» матчы тең аяқталды - ВИДЕО

Португалия құрамасы бұл кездесуде жеңіске жетуге тырысып бақты. Алайда оларға сәттілік жетіспеді.

Мәселен, Нани баспен бағыттаған доп бағанадан қайтты.


Роналдудың тепкен добын бірінші таймда австриялық қақпашы Роберт Альмер қайтара білді. Екінші таймда 11 метрлік айып добын Роналду орындап, доп оң жақ бағанадан кері серпілді
.


Одан кейін дәл осы Роналду салған гол ойыннан тыс қалуы себепті саналмай қалды.

Австрия тарапынан да бірнеше шабуылдар, қауіпті сәттер болды. Өз командаластары арасынан Мартин Харник, Марко Арнаутович және Давид Алаба көзге түсті.

Кездесу Парижде "Парк де Пренс" стадионында өтті.

Бұл осы чемпионатта тең аяқталған 8-ші ойын, сондай-ақ гол соғылмаған екінші ойын.

Бұған дейін «Венгрия-Исландия» кездесуі 1:1 есебімен тең аяқталса, Бельгия 3 жауапсыз голмен Ирландияны тізе бүктірген еді.