00:01, 26 Наурыз 2023 | GMT +5
Euro-2023: Футзалдан жастар құрамасы Словениядан жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Словениядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған кездесуде қазақстандық футзалшылар қарсыласына 0:5 есебімен жол берді.
Оларға ұлттық құрама мен алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака жетекшілік жасады.
Бұған дейінгі екі ойында қазақстандық футзалшылар Польшаға 2:3 есебімен жол берсе, одан кейін Молдовадан 5:2 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық жастар өз тобында үшінші орынды місе тұтып, келесі сатыға берілетін жолдамадан құр қалды.
Аталған топта Словения бірінші орынмен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.