EURO 2024: 30 маусымда 1/8 финалда тағы екі ойын болады

EURO 2024: Cловения мен Сербия үшінші мәрте тең түсті
Фото: championat.com

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 30 маусымда 1/8 финалда тағы екі ойын өткізіледі.

Бұл күні сағат 21.00-де Англия мен Словакия шеберлік байқасады.

Кездесу Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Арена» стадионында өтеді.

С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады.

Ал Словакия E тобында Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, Украинаға 1:2 есебімен есе жіберсе, Румыниямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазірге дейін құрамалар 6 мәрте кездессе, 5-де Англия жеңіп, 1-де тең нәтиже тіркелді.

Ал 00.00-де Испания мен Грузия кездесуі басталады.

Ойын Кёльн қаласындағы «Райн-Энерги» стадионында өткізіледі.

В тобында ойнаған Испания Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

F тобында ойнаған Грузия құрамасы Түркияға 1:3 есебімен жеңілсе, Португалияны 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Чехиямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қос қарсылас өзара 6 мәрте кездеcсе, 5-де Испания, 1-де Грузия басым түскен.

Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын 1/8 финалға Швейцария мен Германия жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар