EURO-2024: Англия құрамасы 1/4 финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында Англия құрамасы 1/4 финалға шықты.

Кездесу барысында словакиялық футболшылар қарсыласына лайықты қарсылық көрсетті. Бірінші кезеңде Англия құрамасының шабуылына тойтарыс берді. Екінші кезеңде словакиялық Иван Шранц 25-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Бұдан кейін олар қорғанысқа көбірек көңіл бөлді.
Англия құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен ойлаған мақсатына жете алмай жатты. Ойынның 95-минутында олардың қатарынан Джуд Беллингем өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Осылайша ойынның негізгі кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталып, қосымша кезеңге ұласты. Англиялық шабуылшы Гарри Кейн 91-минутта өз құрамасын алға шығарды.
Осылайша Англия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, 1/4 финалға жолдама алды. Жарыстың аталған сатысында олар 6 шілдеде Швейцариямен кездеседі.
Айта кетсек, қазірге дейін құрамалар 6 мәрте кездессе, 5-де Англия жеңіп, 1-де тең нәтиже тіркелді. Енді Испания мен Грузия құрамалары шеберлік байқасады.
Еске салсақ, 29 маусымда 1/8 финалға Швейцария мен Германия жолдама алды.
Құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.