Euro-2024: Бельгия құрамасы Австрияны жеңе ала ма
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында үшінші турдың екінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні негізгі кездесудің бірі F тобындағы Бельгия және Австрия құрамаларының арасында өтеді.
Құрамалар жарыстың финалдық сатысына жолдама алудан басты үміткерлер қатарында саналады.
Алғашқы екі ойында Австрия алты ұпай еншілесе, Бельгияның бір ойыннан үш ұпайы бар.
Сондай-ақ, аталған топта Әзербайжан мен Эстония құрамалары кездеседі.
Ал, J тобында Португалия өз алаңында Босния және Герцоговинаны қабылдайды.
Кездесу елорда уақытымен 00.35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Оған қоса, бұл топта Исландия мен Словакия, Люксембург пен Лихтенштейн құрамалары шеберлік байқасады.
Ал, А тобында Норвегия мен Шотландия, Кипр мен Грузия, G тобында Литва мен Болгария, Черногория мен Венгрия, Е тобында Фарер аралдары мен Чезия, Албания мен Молдова кездеседі.
Еске салсақ, 16 маусымда Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында үшінші турында Қазақстан сырт алаңда Сан-Мариноны 3:0 есебімен тізе бүктірді.