EURO 2024: Бүгін 1/8 финал ойындары басталады

футбол
Фото: instagram.com/euro2024

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 29 маусымда 1/8 финалда екі ойын өткізіледі.

Бұл күні сағат 21.00-де Швейцария мен Италия шеберлік байқасады.

Кездесу Берлин қаласындағы «Олимпиаштадион» стадионында өтеді.

А тобында сынға түскен Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен жеңсе, Шотландия және Германиямен 1:1 есебімен тең ойнады.

Ал Италия В тобында Албанияны 2:1 есебімен жеңіп, Испанияға 0:1 есебімен есе жіберсе, Хорватиямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазірге дейін құрамалар 61 мәрте кездессе, 8-де Швейцария, 29-да Италия жеңіп, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Ал 00.00-де Германия мен Дания кездесуі басталады.

Ойын Дортмунд қаласындағы «Сигнал Идуна Парк» стадионында өткізіледі.

А тобында ойнаған Германия Шотландия 5:1, Венгрия 2:0 есебімен жеңсе, Швейцариямен 1:1 есебімен тең ойнады.

С тобында ойнаған Дания құрамасы Словения және Англиямен 1:1, Сербиямен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Қос қарсылас өзара 20 мәрте кездессе, 9-да Германия, 7-де Дания басым түсіп, қалғанында жеңімпаз анықталған жоқ.

Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар