EURO 2024: Бүгін іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталады
Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталады, деп хабарлайды Kazinform.
16 қарашада А, F, G, J топтарында ойындар өткізіледі.
А тобында бірінші және екінші орында тұрған Испания мен Шотландия құрамалары топтың жеңімпазын анықтайтын болады. Сырт алаңда Испания Кипрмен кездессе, Шотландия Грузиямен шеберлік байқасады.
Ал J тобында Португалия сырт алаңда Лихтенштейнмен ойнаса, Словакия мен Исландия жасыл алаңға шығады.
16 қарашадағы барлық ойын кестесі төмендегіше:
А тобы: Грузия - Шотландия, Кипр - Испания
F тобы: Эстония - Австрия, Әзербайжан - Швеция
G тобы: Черногория - Литва, Болгария - Венгрия
J тобы: Лихтенштейн - Португалия, Люксембург - Босния және Герцоговина, Словакия - Исландия.
Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Сан-Марино және Словениямен кездесулері қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Сан-Марино матчына төрешілер белгіленді.