Еуро-2024: Дания мен Финляндияға қарсы ойнайтын ҚР құрамы жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Дания және Финляндия құрамаларымен өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарына шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

футболдан ұлттық құрама
Фото: ҚФФ

ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, қорытынды тізімге 27 футболшы енді.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайыров («Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарынбетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Иван Свиридов («Шахтер»);

Жаттықтырушылар штабы: Магомед Адиев – бас бапкер, Руслан Балтиев – бас бапкердің көмекшісі, Евгений Коструб – бас бапкердің көмекшісі, Валерий Ситало – қақпашылардың жаттықтырушысы, Ерлан Ибраим – дене даярлығы жаттықтырушысы, Амаль Сыздыков – сарапшы бапкер, Арсений Савенко – сарапшы, Эльшад Хинизов – бейнесарапшы.

Оқу-жаттығу жиыны 6 қазанда Алматыда басталады.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы қазан айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді. 14 қазан күні Магомед Адиев командасы Даниямен Копенгаген қаласында кездеседі. Ойын «Паркен» стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

Үш күннен кейін біздің құрама Финляндиямен ойнайды. Кездесудің басталуы Астана уақытымен 22:00-ге жоспарланған. Матч Хельсинки қаласы, «Олимпия» стадионында өтеді.

Бұған дейін аталған екі ойынға футболшылардың кеңейтілген тізімі жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар