EURO 2024: Дания мен Қазақстан ойынына төрешілер белгіленді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Дания мен Қазақстан кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Ойын 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35–де Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Кездесуде англиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Бас төреші — Майкл Оливер, оған Стюарт Бэрт пен Ли Беттс көмекшілік жасайды. Төртінші төреші — Эндрю Мэдли.
Алты турдан кейін H тобында 13 ұпаймен Словения мен Дания көш басында тұрса, одан кейінгі орындағы Финляндия мен Қазақстанның 12 ұпайы бар.
А тобындағы Испания мен Шотландиядан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды.
Испаниялық футболшылар басты қарсыласынан алты ұпайға артта қалып қойды.
Сондықтан ойын барысында олар қарсыласын жеңуге бар күшін салды.