EURO-2024: Испания құрамасы 1/4 финалдың төртінші жолдамасына ие болды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/4 финалға берілген төртінші жолдама Испанияға бұйырды.

EURO 2024: Испания құрамасы 1/4 финаллың төртінші жолдамасына ие болды
Фото: championat.com

Алғашқы минуттан Испания ойын тізгінін қолға алды. Грузия қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, шабуыл шебін нығайта түсті. Десе де оған қарсылас құрама төтеп берді. Есесіне Испания өз қақпасына гол жіберіп алды. Ойынның 18-минутында испаниялық қорғаушы Робен Ле Норман автогол авторы атанды. Ал 39-минутта испаниялық жартылай қорғаушы Родридің алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Одан кейін Фабиан Руис 51, Нико Уильмяс 75, Дани Ольмо 83-минутта мергендік танытты. Осылайша Испания қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға шықты. Енді 1/4 финалда Испания құрамасы 5 шілдеде Германиямен кездеседі.

Еске салсақ, 29 маусымда 1/4 финалға Швейцария мен Германия жолдама алды.

Сондай-ақ олардың қатарына 30 маусымда Англия қосылды. Енді 1 шілдеде Франция мен Бельгия, Португалия мен Словения шеберлік байқасады.

Құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар