Euro-2024: Испания құрамасы Шотландиядан басым түсті
Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы кезекті тур ойындары басталды, деп хабарлайды Kazinform.
12 қыркүйекте А, D, E, I топтарында ойындар өткізілді.
А тобындағы Испания мен Шотландия құрамалары көш басында келе жатқан еді. Испаниялық футболшылар басты қарсыласынан алты ұпайға артта қалып қойды. Сондықтан ойын барысында олар қарсыласын жеңуге бар күшін салды. Нәтижесінде қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, жағдайын жақсартып алды.
Сондай-ақ, бұл топта Кипр өз алаңында Норвегияға 0:4 есебімен жол берді.
Ал D тобында өз аалңында Хорватия Түркияға 0:1 есебімен жол берсе, Латвия Арменияны, 2:0 есебімен тізе бүктірді.
E тобында Фарер аралдары Польшаға 0:2 есебімен жеңіліп, Албания Чехиядан 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, I тобында Андорра Косоводан 0:2 есебімен жеңіліп, Беларусь пен Румыния 0:0 есебімен тең аяқталды.
Аталған топтағы Израиль мен Швейцария кездесуі кейінге қалдырылды.
Айта кетсек, 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Енді 13 қазанда B, F, J топтарында кезекті тур ойындары өткізіледі.