EURO-2024: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнады

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобындағы құрамалардың сегізінші турда қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

футбол
Фото: Фото: кадр из видео

Қазақстандық футболшылар аталған турда сырт алаңда Финляндияны 2:1 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде 15 ұпаймен үшінші орынға көтеріліп, құрлықтық доданың финалдық сатысына жолдама алу мүмкін құрамалар қатарына қайта қосылды.

Алғашқы екі орындағы Словения мен Финляндияның еншісінде 16 ұпайдан бар. Екеуі ұпай жоғалтқан жағдайда қазақстандық құраманың олармен жолдамаға таласу мүмкіндігі арта түсетін.
Бүгінгі ойында сырт алаңда Словения Солтүстік Ирландияны 1:0, Дания Сан-Мариноны 2:1 есебімен жеңді.

Нәтижесінде сегізінші турдан кейін Словения мен Дания 19 ұпай жинап, алғашқы екі орынға жайғасқан. Ал үшінші орындағы Қазақстан құрамасының еншісінде 15 ұпай бар.

Ендігі кезекте қазақстандық жанкүйерлер Солтүстік Ирландия мен Словения, Сан-Марино мен Дания құрамалары кездесулеріне көз тігетіні белгілі еді.

16 қазандағы барлық ойын нәтижеcі:

C тобы: Англия - Италия 3:1, Мальта - Украина 1:3
G тобы: Сербия - Черногория 3:1, Литва - Венгрия 2:2
H тобы: Финляндия - Қазақстан 1:2, Солтүстік Ирландия - Словения 0:1, Сан-Марино - Дания 1:2

Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойындарында 17 қарашада елордада Сан-Мариноны қабылдаса, 20 қарашада сырт алаңда Словениямен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар