Euro-2024: Қазақстан құрамасының қарсыластары қалай ойнағаны белгілі болды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобындағы құрамалардың қалай ойнағаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Спорт
Фото: ҚазАқпарат

Жанкүйерлер бұл топтағы Словения мен Финляндия құрамалары кездесуіне ерекше қызығушылық танытқаны анық. Турнир кестесінде қатар келе жатқан қарсыластар құрлықтық доданың финалдық сатысына берілетін екі жолдамадан үміткер болып отыр. Тартысты бәсекеде Дания мен Қазақстан құрамалары да бар.

Сол себепті Словения мен Финляндия кездесуінде екеуі де жеңіске жету жолын іздеді. Алғашқы минуттан словениялық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды.

Нәтижесінде 18-минутта Беньямин Шешко пенальтиден есеп ашса, 28-минутта ойын барысында мергендік танытты.

Ал 93-минутта Эрик Янжа қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Словения қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 16 ұпаймен көш бастап тұр.

Сондай-ақ, аталған топта Солтүстік Ирландия құрамасы Сан-Мариноны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, 14 қазаннан 15-не қараған түні елорда уақытымен 00:35-де Қазақстан құрамасының Данияға қарсы кездесуі өтеді. Ойын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар