EURO 2024: Қазақстан құрамасы төртінші орынға сырғыды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында бесінші турдағы тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған топтағы Дания өз алаңында Сан-Марино құрамасын қабылдады.

Кездесу барысында даниялық футболшылар қарсыласын 4:0 есебімен басым түсті.

Тағы бір кездесуде Словения Солтүстік Ирландияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, аталған топта бесінші турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндияға есе жіберді.

Бесінші турдан кейін аталған топта 12 ұпаймен Финляндия көш бастап тұрса, одан кейінгі орындардағы Дания мен Словенияның еншісінде 10 ұпай бар.

Ал Қазақстан 9 ұпаймен төртінші орынға сырғыды.

Айта кетсек, ел құрамасы аталған ойынға дейін төрт кездесу өткізді.

Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.

Сондай-ақ, бүгін В, Е, G топтарында ойындар өткізілді.

В тобында Франция Ирландиядан - 2:0, Нидерланд Грекиядан - 3:0 есебімен басым түсті.

Е тобында Литва мен Черногория 2:2 есебімен тең ойнаса, Сербия Венгрияға 1:2 есебімен ұтылды.

Ал G тобында Чехия мен Албания 1:1 есебіне қанағат білдірсе, Польша Фарер аралдарын 2:0 есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар