Euro-2024: Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы белгілі болды

None
Фото: instagram.com/kff_team
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан қақпада Игорь Шацкийге сенім білдірді. Ал жартылай қорғаныста Ян Вороговский, Сергей Малый, Марат Быстров, Александр Марочкин, Михаил Габышев ойын көрсетсе, жартылай қорғаныста Асхат Тағыберген, Аслан Дарабаев, Рамазан Оразов, Максим Самородов жасыл алаңға шығады. Шабуыл шебінде Абат Аймбетов ойнайды.

Ал Словения сапында қақпашы - Ян Облак, қорғаушылар - Юре Балковец, Яка Бийол, Миха Блажич, Жан Карничник, жартылай қорғаушылар - Беньямин Вербич, Йон Горенц-Станкович, Адам Гнезда, Петар Стоянович, шабуылшылар - Беньямин Шешко, Жан Целар Қазақстан құрамасына қарсы шығады.

Айта кетсек, Қазақстан-Словения қездесуі бүгін, елордадағы «Астана - Арена» стадионында сағат 21.00-де басталады. Тікелей эфирде«Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.


Соңғы жаңалықтар