EURO 2024: Португалия құрамасы іріктеу сатысында бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ
Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағ Португалия құрамасы бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды Kazinform.
19 қарашада А, F, G, J топтарында соңғы тур ойындар өткізілді.
А тобында Испания бірінші орын алса, Шотландия екінші орынға жайғасты. Соңғы турда Испания Грузияны 3:1 есебімен сүріндірсе, Шотландия Норвгиямен 3:3 есебімен тең түсті.
Ал J тобында Португалия өз алаңында Исландияны 2:0 есебімен жеңсе, Словакия Босния және Герцогвинаны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
19 қарашадағы барлық ойын кестесі төмендегіше:
А тобы: Шотландия - Норвегия 3:3, Испания - Грузия 3:1
F тобы: Бельгия - Әзербайжан 5:0, Швеция- Эстония 2:0
G тобы: Венгрия - Черногория 3:1, Сербия - Болгария 2:2
J тобы: Португалия - Исландия 2:0, Босния және Герцоговина - Словакия 1:2, Лихтенштейн - Люксембург 0:1.
Енді 20 қарашада С, Е, Н топтарында соңғы тур ойындары өткізіледі.
Еске салсақ, Словения - Қазақстан кездесуі қай телернадан көрсетілетіні белгілі болды.