EURO 2024: Ресми доптың тұсаукесері жасалды
УЕФА және Adidas футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысындағы ресми доптың тұсаукесерін жасады, деп хабарлайды Kazinform.
УЕФА сайтының хабарлауынша, бұл салтанатты іс-шара Германия астанасы Берлин қаласындағы олимпиадалық стадионда өткізілді.
Модель «Fussball Liebe» атауға ие болды. Ол футболға деген махаббат деген мағынаны білдіреді. Доптың бетінде Германияның құрлықтық доданы қабылдайтын барлық стадионы бейнеленген.
Аталған доп Connected Ball технологиясы негізінде жасалған. Ол VAR жұмысын жақсартуға және деректерді дәл беруге мүмкіндік жасайды.
Құрлықтық дода 2024 жылдың 14 маусым - 14 шілде аралығында Германияның он қаласында болады. Олардың қатарында Берлин, Кельн, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт, Гельзенкирхен, Гамбург, Лейпциг, Мюнхен және Штутгарт қалалары бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Сан-Марино кездесуіне төрешілер белгіленді.