EURO 2024: Шілденің алғашқы күні 1/8 финалда тағы екі ойын өтеді

футбол
Фото: instagram.com/euro2024

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында бүгін, 1 шілдеде 1/8 финалда тағы екі ойын өткізіледі.

Бұл күні сағат 21.00-де Франция мен Бельгия шеберлік байқасады.

Кездесу Дюссельдорф қаласындағы «Меркур Шпиль-Арена» стадионында өтеді.

D тобында сынға түскен Франция Австрияны 1:0 есебімен жеңсе, Польшамен — 1:1, Нидерландпен — 0:0 есебімен тең ойнады.

Ал Бельгия E тобында Румынияны 2:0 есебімен жеңіп, Словакияға 0:1 есебімен есе жіберсе, Украинамен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Қазірге дейін құрамалар 79 мәрте кездессе, 31-де Бельгия, 28-де Франция жеңіп, 20-да тең нәтиже тіркелді.

Ал 00.00-де Португалия мен Словения кездесуі басталады.

Ойын Франкфурт қаласындағы «Дойче Банк Парк» стадионында өткізіледі.

F тобында ойнаған Португалия Чехияны — 2:1, Түркияны — 3:0 есебімен жеңсе, Грузияға — 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

С тобында ойнаған Словения құрамасы Дания және Сербиямен 1:1, Англиямен 0:0 есебімен тең түсті.

Қос қарсылас өзара бір мәрте кездеcіп, бұл жолы Словения жеңіске жетті.

Еске салсақ, бұдан бұрын ¼ финалға Испания, Англия, Германия, Швейцария құрамалары жолдама алды.

Ал 2 шілдеде 1/8 финалда Румыния мен Нидерланд, Австрия мен Түркия шеберлік байқасады.

Соңғы жаңалықтар
telegram