EURO 2024: Украина алғашқы жеңісіне қол жеткізді

украина, футбол
Фото: championat

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының сегізінші ойын күні, 21 маусымда үш ойын өтеді.

Е тобында Словакия мен Украина ойнайды.

Екі құрама үшін де бүгін жеңіске жету маңызды еді. Алғашқы турда Словакия Бельгиядан 1:0 есебімен басым түссе, украиналық футболшылар Румынияға 0:3 есебімен ойсырай жеңілді. 

Кездесу барысында Словакия құрамасы жылдам гол соғып үлгерді. Ойынның 17-минутында олардың қатарынан Иван Шранц мергендік танытты. Украиналық футболшылар одан таразы басын теңестіруге ұмтылған еді. Бірінші кезеңде басқа гол соғылған жоқ.

Екінші кезеңде Украина шабуыл шебінде жиі бой көрсетті. Әріптесі Александр Зинченконың берген пасын Николай Шапаренко 54-минутта қақпаға дәл көздеді.

Ол 80-минутта әріптесі Роман Яремчукке пас шығарып, өз құрамасының басымдығын арттырды. 

Осылайша Украина қарсыласын 2:1 есебімен қапы қалдырып, құрлықтық додадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұл топтағы Румыния мен Бельгия кездесуі 22 маусымда өткізіледі.

Аталған топтағы үшінші тур ойындарында Украина мен Бельгия, Словакия мен Румыния шеберлік байқасады. 

Бүгін, 22 маусымда D тобындағы Польша мен Австрия кездесуі 22.00-де өткізілсе, Нидерланд және Франция кездесуі 00.00-ге белгіленген.

Соңғы жаңалықтар
telegram