Euro-2025: Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Венгрияға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында сырт алаңда Шотландиямен кездесті.
Қазақстандық футболшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Испания, Шотландия, Бельгия, Венгрия және Мальта құрамалары.
Кездесу барысында венгриялық футболшылар сауатты ойнай білді. Ойында қорғаныс шебінде лайықты тойтарыс беріп, шабуылда қақпаны дәл көздей алды.
Ойынның 34-минутында венгриялық Марк Кошновский есеп ашса, Ботонд Вайда 46, Агостон Беньей 93-минутта мергендігімен көзге түсті.
Осылайша қазақстандық жастар қарсыласына 0:3 есебімен жол берді.
Қазірге дейін ел құрамасы бес ойын өткізіп үлгерді. Оның ішінде Венгрияға 0:2, Бельгияға 0:1, Испанияға 0:4 есебімен жол берді.
Одан кейін Мальтаны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Шотландияға 1:4 есебімен есе жіберді.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойындарын 5 қыркүйекте Мальта, 10 қыркүйекте Бельгия құрамаларына қарсы өткізеді.