EURO-2025: Қазақстандық қыздар Эстониямен тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Эстониямен тең түсті.

футбол
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Қездесу барысында эстониялық Грете Гросс 8-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін қазақстандық Данагүл Ахметжан 21, Ару Ермағамбетова 31-минутта екі гол соғып, өз құрамасын алға шығарды. Ал 52-минутта эстониялық Елизавета Юзанинова соққан гол қорытынды есепті белгіледі. 

Осылайша қос қарсылас 2:2 есебіне қанағат білдіріп тарасты. 

Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 20 наурызда Солтүстік Ирландияға қарсы өткізсе, одан кейіін 23 наурызда Черногориямен ойнайды. 

Еске салсақ, Бақтиер Зайнутдинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы екі ойынына қатыспайды.