EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Италиядан жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Италиямен 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі плей-офф сатысындағы алғашқы ойынын өткізді.

Бұл кездесуге Қазақстан құрамасы сапында бірқатар ойыншының шыға алмайтыны белгілі болды. Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит алдағы ойында құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндік алды.
Кездесу барысында италиялық құрама белсенді бастады. Ойынның 15, 29-минутында олар екі гол соғып үлгерсе, оған 32-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов бір голмен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан құрамасы алғашқы ойында қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.
Енді қарымта кездесу 23 қыркүйекте қарымта кездесу Астанада болады.
Ел құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатында өз тобында екінші орынды місе тұтты.
Алдымен Албанияны 2:0 есебімен жеңсе, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнады. Үшінші кездесуінде Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалса, өз алаңында аталған қарсыласын 7:3 есебімен тізе бүктірген еді. Бесінші ойында Албаниядан 4:2 есебімен басым түссе, дәл сондай есеппен сырт алаңда Арменияға есе жіберді.
Осылайша құрлықтық додаға тікелей шығу мүмкіндігін жоғалтып алды. Бұл топта 16 ұпаймен бірінші орынға Армения құрамасы табан тіреді.