08:47, 05 Ақпан 2025 | GMT +5
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Данияға қарсы өткізеді.

Ел құрамасы алтыншы топта Армения, Дания және Албаниямен шеберлік байқасады.
Кездесу елорда уақытымен 19:20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Топ жеңімпазы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Екінші орын алғандардың ішінен 8 үздік құрама өтпелі матч ойнайды.
Ел құрамасы бұдан кейін 7 наурызда өз алаңында Албанияны қабылдаса, 12 наурызда Армения құрамасына қонаққа барады.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасы іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Албанияны 2:0 есебімен жеңіп, одан кейін Армениямен 4:4 есебімен тең ойнаса, Даниядан 2:3 есебімен жеңіліп қалды.