EURО-2026: Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцоговинамен тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде Босния және Герцоговинамен тең ойнады. 

EURО-2026: Қазақстан WU17 құрамасы Босния және Герцоговинамен тең түсті
Фото: ҚФФ

Отандастарымыз бұл кездесуде өз қақпасына гол жіберген жоқ. Осылайша екі турдан кейін төрт ұпай жинаған қазақстандық футболшылар B3 тобында көш басында келеді. Олар бірінші турда Грузияны 4:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді отандастарымыз 30 қазанда Латвияға қарсы ойын өткізеді. Бірінші орын алған құрама А лигасына жолдамаға қол жеткізеді. Жарыстың бұл кезеңі 2026 жылдың көктем мезгіліне белгіленген.

Финалдық кезеңі сол жылдың мамыр айында Солтүстік Ирландияда 3-16 мамыр аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін уақытша атқарушы Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін екі кездесуге шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Соңғы жаңалықтар