EURО-2027: Футболдан Қазақстан жастар құрамасына кімдер шақырылды

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 21 жасқа дейінгі жастар арасында 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынға шақырылған ойыншылар тізімі белгілі болды.

EURО-2027
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстандық жастар құрлықтық додадағы алғашқы ойынын Андорра жастар құрамасына қарсы өткізеді. Матч 5 маусымда елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Басталуы 19:30–ға белгіленген. 

Олар D тобында сынға түседі. Қарсыластары — Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 1 маусымда Астанада басталады. Тізімге 25 футболшы енгізілген.

Ойыншылар тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Санжар Ерниязов («Атырау»), Дулат Талыспаев («Кёге»), Мирас Рихард («Ертіс»)

Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Рамазан Кәрімов (екеуі де — «Жетысу»), Санжар Әнуаров («Астана»), Александр Мигунов, Эльхан Саидов (екеуі де — «Шахтер»), Әли Тұрғанов («Оңтүстік Академиясы»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әлихан Серікбай («Каспий»);

Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Олжас Байбек, Рамазан Бағдат (екеуі де — «Қайрат»), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Еңсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли («AKAS»);

Шабуылшылар: Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік Академиясы»), Артем Литош («Хан-Тәңірі»).

Еске салсақ, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанмен алғашқы жолдастық кездесуде жеңіске жетті.

Соңғы жаңалықтар