EURO-2027: футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін алғашқы ойынын өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM — 2027 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі кезеңінде футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізді.

EURO-2027: футзалдан Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін алғашқы ойынын өткізеді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Отандастарымыз А тобында сынға түседі. Қарсыластарымыз — Чехия, Беларусь және Норвегия. Ойындар 17-22 наурыз аралығында Норвегияда өтеді.

Отандастарымыз бүгін Чехиямен кездессе, 19 наурызда Норвегия, 21 наурызда Беларусьпен шеберлік байқасады.

Ұлттық құраманың аға бапкері Сәкен Наукенов шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Қақпашылар: Светлана Гейниц, Зулейра Әбішева (екеуі де — «Қайрат»);

Алаңдағы ойыншылар: Жансая Әубәкір, Светлана Ступина, Лунара Мыңжасар, Лаура Шутова (барлығы «Қайрат»), Аяжан Шамбаева, Милана Ткач (екеуі де — «Атырау»), Әсем Қаражанова, Валерия Акиева (екеуі де — «Ақтөбе»), Айсана Зекен («Астана»), Людмила Коноплева («Alliance Астана»), Данира Алканова, Рамина Иманжанова, Гүлім Кенжетай (үшеуі де — «Қайрат» футзал).

Ал B тобында Босния және Герцеговина, Сербия, Англия, Литва, C тобында Словения, Франция, Солтүстік Ирландия, Латвия сынға түседі.

Әрбір топтың жеңімпазы мен үздік нәтижеге қол жеткізген екі құрама жарыстың келсі сатысына шығады.

Соңғы жаңалықтар