Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін ЕАЭО елдерінен әкелінген авто ҚР-ында тіркелмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-4 стандартына сәйкес келмейтін ЕАЭО елдерінен әкелінген авто ҚР-ында тіркелмейді, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық рагламентіне сәйкес ЕАЭО біртұтас аумағында бұрын қолданыста болған көлік құралдарының қауіпсіздік мәселелері көлік құралдарын техникалық тексеру туралы ұлттық заңнамамен реттеледі.

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» заңының 61-бабы, 5-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін бұрын қолданыста болған көлік құралдарын қолданысқа жіберу және оларды уәкілетті органда тіркеу қажетті шарты Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімшарт талаптарына сәйкес берілген көлік құралдарын техникалық тексеруде қолданылатын сертификат болып табылады».

«Көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жеке түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу ережелерін бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің бұйрығы бойынша бұрын қолданыста болған көлік құралдарын алғаш рет тіркеу кезінде көлік құралдарының құрастырылым қауіпсіздігі туралы куәлікті көлік құралы иесіне ұсыну туралы талаптар қарастырылған.

Куәлікті рәсімдеу кезінде көлік құралдары қауіпсіздігі бойынша, оның ішінде шығарындылар мөлшеріне қойылатын талаптардың орындалуы тексеріледі.

Автомобильдің 4-ші экологиялық класқа сәйкессіздігі (Евро 4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуден бас тарту негізі бола алады.

Соңғы жаңалықтар