Еуро-доллар бағамына қазір ешкім болжам жасай алмайды - Григорий Марченко

None
None
АЛМАТЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Еуро-долллар бағамында бәрі саясаткерлерге байланысты.

Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді.

" Бәрі олардың осы аптада келісімге келу-келмеуіне байланысты. Егер ахуалды теориялық жағынан реттей алса еуро айтарлықтай нығаяды. Ал ештеңені реттей алмаса бізде қаңтарда "американдық қырат" күшейіп, доллар қатты құлауы мүмкін", - дейді Григорий Марченко. Оның айтуынша, Еуропадағы ахуал түзелген соң АҚШ-та жаңа проблемалар туындап, рейтингтік агенттіктер американдық қаржы институттарының рейтингін төмендету мүмкіндігі туындайды. Бұл Еуропадағы қаржы дағдарысы кезінде екінші қатарға ысырылып қалған еді.

Соңғы жаңалықтар