EURО: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобында бірінші орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионаты екінші іріктеу сатысын сәтті өткізді.

EURО: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеуде бірінші орын алды
Фото: ҚФФ

Олар екінші ойында Литва құрамасымен жасыл алаңға шықты. Кездесу барысында Исмаил Бекболат 58, 80, 89-минутта үш гол соғып, хет-триктің авторы атанды. Ал Абылай Төлеухан 21, Дәулет Орынбасар 75-минутта бір-бір голдан соқты. Оған литвалық футболшылар екі голмен жауап қайырды.

Осылайша қарсыласынан 5:2 есебімен басым түскен қазақстандық футболшылар өз тобындағы ойындарды екі жеңіспен бірінші орында аяқтады.

Айта кетсек, бұдан бұрын олар Грузияны 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. Бұл ойында Дәулет Орынбасар 48, 75, Исмаил Бекболат 55-минутта мергендік танытты. 

Еске сала кетейік, бүгін футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Лихтенштейнге қарсы кездесу өткізеді.  

Соңғы жаңалықтар