Еуроаймақтағы дағдарыс барлық елдердің ЖІӨ-нің 1-2 пайызға төмендеуіне алып келеді - Д. Стросс-Кан

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Еуропа елдері экономикасындағы дағдарыстық жағдай бүкіл мемлекеттердің ЖІӨ өсуіне ықпал етеді. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының бұрыңғы директоры Доминик Стросс-Кан Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.
None
None

«Меніңше, таяу жылдары әр ел 1-2% ЖІӨ жоғалтып отырады, оның ішінде Қазақстан да бар, бірақ бұл еуропалық елдердегі жағдаймен байланысты болады», - деді ХВҚ бұрынғы басшысы. Оның айтуынша, бұл еуропалық экономиканың жаһандық әлем экономикасының басым бөлігін құрайтынына байланысты. ЕО үлесіне әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 20% тиесілі.

«Бірақ, бір жағынан, қалған елдер дамушы нарықтарды қосқанда олар барлық шақыруларды дұрыс орындайды, мұнда ешқандай да коллапс болмайды, тек экономика өсуі тежелуі мүмкін», - деп өз ойымен бөлісті ол.

«Әрине, Қытайда немесе Бразилияда проблема жоқ деген сөз емес, бірақ басқа елдер дұрыс бағытта жұмыс жасайды, бұл әсіресе Қазақстанға қатысты. Яғни, Қазақстанда одан әрі дамуға мүмкіндік бар», - деп сенімділік білдірді Д.Стросс-Кан.

Бұдан бөлек, ХВҚ экс-басшысы жақын арада еуропалық аймақ елдерінде рецессия жалғасатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар