16:28, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Еурокомиссия 2020 жылдан кейін Украина мен ЕО экономикасы ықпалдасады деп күтуде
АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Еурокомиссия 2020 жылдан кейін Украина мен ЕО экономикасы өзара ықпалдасады деп күтіп отыр.
«Дөңгелек үстел» мәжілісінде Украинамен еркін сауда аймағын құру мәселелері бойынша еуропалық комиссиямен келісім жасау тобының жетекшісі Филипп Куиссон осылай сенім білдірді, деп хабарлайды РБК. «Шамамен он жылдан кейін Украина толығымен Швейцария, Норвегия сияқты еуропалық экономикаға ықпалдасатын болады», - деді ол.
Тараптар еркін сауда аймағын құру туралы келісімге 2011 жылы қол қоюға ниет білдіруде. «Мен осы жылдың соңына дейін келісімге қол қойып үлгеретінімізге сенімдімін», - деп мәлімдеді Ф.Куиссон.