Еурокомиссия Booking компаниясына Etraveli-ді сатып алуға рұқсат бермеді
Кеше Еуроодақтың монополияға қарсы органдары Booking Holdings компаниясының шведтің Etraveli тобын сатып алуына тыйым салды. ҚазАқпарат бұл жайында Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәміле құны — 630 млн еуро деп бағаланған болатын.
«Ол бұғатталды, себебі компанияның қонақүй мен тур брондау нарығындағы жағдайын күшейтетін еді» делінген Еурокомиссия мәлімдемесінде.
Booking әуе билеттерін брондау парақшасында бәсекелестердің ұсыныстарын көрсетіп отыруға уәде берді.
Ол саяхатшыларға билет сатып алғаннан кейін көрінеді.
«Дегенмен бәсекелестерді іріктеу мен саралау жеткілікті дәрежеде ашық болған жоқ», — деп мәлім етті әділет мәселелері бойынша еурокомиссар Дидье Рейндерс.
Booking 2021 жылдың қарашасында Gotogate, Mytrip және Flightnetworkсынды әуе билеттерін сатып алу қызметтеріне иелік ететін Etraveli компаниясын сатып алатынын мәлімдеді.
Бұл келісімге Еурокомиссия назар аударып, тексеріс бастады.
Нәтижесінде Booking-тің Еуропа нарығында күшеюі бәсекені шектеп, бағаның өсуіне әкелуі мүмкін екені анықталды.
Сондай-ақ Еурокомиссия Booking монополияға қарсы органдардың қаупін сейілту үшін қажет шаралар ұсынбағанын атап өтті.