Еурокомиссия Италияда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони солтүстік Италияның су тасқынынан зардап шеккен аудандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
None

Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен Урсула фон дер Ляйен Ынтымақтастық қоры жұмылдырылатынын мәлім етті. Шығын есептелгеннен кейін табиғат апатынан зардап шеккен аймақтарға материалдық көмек берілмек.

«Жедел түрде Ынтымақтастық қорын жұмылдыру қажет. Оның нақты ережелері бар: бірінші кезеңде әр апат үшін белгіленген аздаған алдын ала төлем қарастырылған. Мұнан соң шығын есептеліп, біз ықтимал еуропалық үлес туралы барынша дәл біле аламыз», - деді ол.

Бұған дейін хабарланғанындай, Италияда нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласқан болатын. Эмилия-Романья аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жеткені хабарланды. Солтүстік Италия аймақтарында дабылдың «қызыл деңгейі» жарияланды.

Табиғат апатына байланысты Италия үкіметі басшысының Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайтыны мәлім етілді. Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті. Президент ең алдымен, Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Премьер-министрге және барша Италия халқына көңіл айтты.


Соңғы жаңалықтар