Еурокомиссия Израильге қару-жарақ жеткізбейді - Янез Ленарчич

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның Страсбург қаласында Еуропарламенттің кезекті көшпелі сессиясы өтті. Пікірталастың негізгі мәселелерінің бірі – Газа секторы мен Ливандағы жағдай. Бұл туралы Kazinform тілшісі хабарлайды. 

Еуропа өкілі
Фото: x.com/ JanezLenarcic

Бірқатар еуродепутат Израильдің Ливандағы БҰҰ уақытша күштерінің нысандарына бірнеше рет шабуыл жасағаннан кейін елдегі БҰҰ миссиясын қорғауға шақырды.

Пікірталасқа Дағдарысты басқару жөніндегі Еурокомиссар Янез Ленарчич қатысып, Еуроодақ ХАМАС-ты қаржыландырып отыр деген кейбір айыптаулардың негізсіз екенін айтты.

«ЕО ХАМАС-ты қаржыландырмайды. Сонымен қатар, Еурокомиссия Израильге қару-жарақ жеткізумен айналыспайды. Бұл ЕО-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен жасалған екіжақты келісімдермен реттеледі», - деді Янез Ленарчич.

Бұдан басқа, Еурокомиссар қақтығыс тараптарын азаматтық инфрақұрылымды қиратуды және БҰҰ-ның «UNIFIL» уақытша күштеріне шабуылдарды тоқтатуға шақырды.

Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) Ливаннан 20-ға жуық зымыран ұшырылғанын тіркеді. 

 

Соңғы жаңалықтар